Вёрваг Фарма ГмбХ энд Ко. КГ — Азия, Еуропа және Оңтүстік Америкада 22 халықаралық филиалы бар, Штутгартқа жақын маңдағы Бёблинген қ. бас кеңсесі бар неміс фармацевтикалық компаниясы. Әлем бойынша 1100-ден астам қызметкерлері бар компания 2020 жылы 235,8 миллион евроға сатылым жасады.
Компания өмір сүру салтына байланысты аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған фармацевтикалық препараттарды әзірлеу, өндіру және өткізумен айналысады. Вёрваг Фарма жас ерекшелігіне байланысты аурулардың, мысалы, қант диабетінің алдын-алу және емдеуге арналған дәрумендер, минералдар мен микроэлементтерді қамтитын биофакторларды клиникалық тұрғыдан қолдануға ерекше назар аударады.
Вёрваг Фарма компаниясының ассортиментіне рецепт бойынша босатылатын дәрі-дәрмектер, сондай-ақ рецептсіз босатылатын дәрі-дәрмектер және ББҚ кіреді. Эксклюзивті фармацевтикалық өнімдердің едәуір бөлігі диабет ауру кезінде қайталама ауруларды емдеу үшін қолданылады. Басқа препараттар жүйке жүйесінің бұзылуын (нейропатия )емдеуде тиімді, иммунитетті нығайту немесе қимыл-тірек аппараты ауруларының алдын-алу үшін қолданылады.
Вёрваг Фарма Польшаның Лодзь арнайы экономикалық аймағындағы өндірістік алаңында өз өнімдерін, сондай-ақ келісімшарттық фармацевтикалық препараттарды өндірумен айналысады. Ғимараттардың заманауи кешені 9500 шаршы метр аумақта орналасқан және әзірлеу және өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтармен жасақталған. Жаңадан сатып алынған өндірістік алаң Вёрваг Фарма компаниялар тобы үшін ауыз арқылы қолдануға арналған дәрілік түрлер саласындағы озық тәжірибе орталығына айналады.
1971ж. Д-р Фриц Вёрваг негізін қалаған отбасылық компания, оны Д-р Люция Синк, Герхард Майер және Йохен Шлиндвайн басқарып келеді.