Қазіргі заманда біз үнемі күйзеліс жағдайында жүреміз - тығыз график, үнемі желіде отыру, балаларды тәрбиелеуді, жеке өмір мен жұмысты қатар алып жүру. Мұндай жағдайда күйзеліске түссек, одан түскен жүктеме адам төзгісіз күйге айналады. Күйзеліс жүйкемізді жұқартып, көңіл-күйдің нашарлауына әкеледі. Демалысқа шыққан дұрыс па, әлде мұның себебі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі ме? В12 дәрумені жеткіліксіздігінің психикалық белгілері көбіне анықталмаған болуы мүмкін, сол себепті көптеген адамдар оған мән бермейді. Сіз кейде абыржулы күйде болуыңыз, еске сақтау қабілетіңіз нашарлауы мүмкін, көңіл-күйіңіз жабыраңқы болып, тіпті күйзелісті күйде болуыңыз мүмкін. В12 дәруменінің Сіздің жүйке жүйеңіздің қалыпты жұмысын сақтап, қалай қорғайтындығын танып біліңіз!