• Қолдану аясы
    - тамақтанудың жеткіліксіздігі немесе тойып жей алмау кезінде (мысалы, бери-бери ауруы), ұзақ парентеральді тамақтану, аштық, гемодиализ, мальабсорбция синдромы, созылмалы алгоголизм (алкогольді уытты кардиомиопатия, Вернике энцефалопатиясы, Корсаков синдромы), жүктілік/лактация кезінде дәруменге қажеттіліктің жоғарылауы, қант диабеті кезінде дамитын B1 дәруменінің тапшылығы;

    - В1 дәрумені жеткіліксіздігінен туындаған нейропатия және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары.
  • Препарат және құрамы
  • Қажетті мәтін
    Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
    Қолдануға болмайтын жағдайлар
    - әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
    - жүктілік және лактация кезеңі
    - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

    Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
    Ерекше сақтық шаралары қажет емес.

    Балаларда қолданылуы
    Балаларда В1 дәруменін қолдану бойынша қолда бар білім негізінен дәрумен тапшылығының сирек кездесетін түрлерін (мысалы, инфантильді авитаминоз, бери-бери, туа біткен бұзылулар немесе тиаминге тәуелді метаболизм) емдеу тәжірибесіне негізделеді. Балалардағы бұл бұзылуларды емдеу үшін В1 дәруменінің жоғары дозалары міндетті болып табылады. Тиамин дозаларымен күніне 200 мг дейін, кейде күніне 1000 мг дейін емдеу ұсынылады. Алайда балалар мен жасөспірімдерде бенфотиаминді қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған. Осылайша, қазіргі білім деңгейінде балалар мен жасөспірімдерде бенфотиаминді пайдалану ұсынылмайды.

    Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
    Тиамин 5-фторурацилдің қатысуымен белсендігі жойылады, өйткені соңғысы тиаминнің тиамин пирофосфатына фосфорлануын бәсекелі түрде тежейді. Бенфотиамин тотықтырғыш заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, танин қышқылымен, сондай-ақ фенобарбиталмен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, декстрозамен және метабисульфитпен үйлеспейді. Мыс бенфотиаминнің жойылуын тездетеді, сонымен қатар соңғысы рН 3-тен жоғары болған кезде әсерін жоғалтады.

    Балалар
    Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектерде жүргізілді.