Ғалымдарға D дәруменімен толық немесе семіз адамдарды қамтамасыз ету қиынырақ екендігі ұзақ жылдар бойы мәлім. Дәруменді қоспалардың кішкене мөлшерінің көмегімен, дәрігер арық адамдағы D дәруменнің деңгейін қалыпты жағдайға дейін жеткізе алады. Алайда, пациент қаншалықты ауыр болса, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін D дәруменінің жоғары мөлшері қажет болады. Толық адамның қанындағы D дәруменінің мөлшері қалыпты болуы үшін, оған сымбатты адамға қарағанда 50 %-ға көп дәрумен керек болады.
Денедегі май D дәруменінің қорын құрайды, бұл оның қанға, содан кейін оны қажет ететін тіндер мен жасушаларға түсуіне кедергі келтіреді. D дәрумені майда ериді, яғни, сол жерде шөгеді және шоғырланады. Ол қан және ағзаның көптеген тіндері сияқты сұйық субстанцияларда қалқуға бейім емес. Сондықтан, сізде ма неғұрлым көп болса, D дәруменінен өзіне ыңғайлы жерде жасырынып қалу оңай болады, бұл оның өзін қатты керек ететін тіндерге түсуіне кедергі келтіреді.
Сіздің семіздіктен зардап шегетініңізді қалай анықтауға болады? Сізге дене массасының индексін (ДМИ) есептеу қажет. Бұл сіздің салмағыңыз бен бойыңызды есептеуге негізделген. ДМИ келесі формула бойынша есептеуге болады:
1-қадам: Өз бойыңыздың метрмен алғандағы ұзындығының квадратын табыңыз. (1,68 × 1,68 = 2,82)
2-қадам: Өзіңіздің килограммен алғандағы салмағыңызды бірінші қадамнан алған мәнге бөліңіз. Жауабында сіз ДМИ аласыз. (90/2,82 = 32)
Сонымен қатар Интернеттен сіздің ДМИ есептеуге арналған көптеген онлайн калькуляторлар бар, және сіздің қандай санатқа жататыныңызды көрсетеді (жеткіліксіз, қалыпты немесе артық салмақ).
Ғылымға сәйкес келмейтін, алайда өте қарапайым тест: киіміңізді іш киімге дейін шешіңіз және айнаның алдында секіріңіз. Маған бұл әдісті тамақтану жөніндегі сарапшы — Роберта Эндлинг көрсетті, және мен оны, тіпті біршама қолайсыздығына қарамастан, тамаша деп есептеймін. «Егер барлығы шайқалып тұрса, яғни бұл артық май», – деді ол. Ал артық май, сізде D дәрумені жеткіліксіз болуы мүмкін дегенді білдіреді.